Жаңалықтар тізбегі
0

Шілдеде теңгенің әлсіреуіне не себеп болды – Ұлттық банк өкілі жауап берді

Ұлттық банк, теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2022 16:26 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова шілдедегі теңге бағамының динамикасы туралы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айдың қорытындысы бойынша, теңгенің айырбастау бағамы 477,07-ге дейін 1,5%-ға қалыпты түрде әлсіреді. Мұндай динамикаға сыртқы факторлар мен ішкі факторлар да ықпал етті.ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова

Ол «екінші ай қатарынан мұнайға баға белгілеу төмендегенін» атап өтті.

Бұдан басқа, АҚШ-та мөлшерлемелерді агрессивті көтеру – ұлттық валютаға, сондай-ақ дамушы нарықтардың валюталарына қысым жасауын тоқтатқан жоқ.ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова

Ұлттық банк өкілінің айтуынша, «ішкі факторлар жағынан жалғасып келе жатқан демалыстар кезеңі мен компаниялардың дивиденд төлеуі бір ай ішінде шетел валютасына деген сұраныстың артуына ықпал етті» .

Мәселен, сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі өткен айдағы 96,4 млн АҚШ долларымен салыстырғанда, шілдеде 118,6 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Шілденің соңына қарай теңге бағамы позициясын біршама қалпына келтіріп, экспорттаушылардың салықтық төлемдері арқасында әлсіреу қарқынын азайтты.Әлия Молдабекова

Сондай-ақ ол айырбастау бағамына не ықпал еткенін де тілге тиек етті.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 543,9 млн АҚШ доллары көлемінде сатуы, сондай-ақ 599,2 млн АҚШ доллары мөлшерінде ҚРҰҚ-тан трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сатуы айырбастау бағамына бір ай бойы қолдау көрсетті. Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.Әлия Молдабекова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: