Қыркүйекте Ұлттық қордың валюталық актив көлемі қысқарды
Оның айтуынша, өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 305 млрд теңге бөлінді.
Трансферттерді бөлу негізінен қордың теңгелік шотындағы қалдық есебінен, сонымен қатар 85 миллион АҚШ доллары немесе шамамен 41 миллиард теңге эквивалентіндегі шетел валютасын айырбастау есебінен жүзеге асырылды.Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова
Ол дамыған елдерде ақша-несие саясатының қатаңдатылуына байланысты облигациялар мен қор нарықтары құлдырауын жалғастырып жатқанын қоса кетті.
Осыған байланысты дамыған елдердің облигациялар портфелінің кірістілігі қыркүйекте минус 4,02%, қор портфелінің кірістілігі минус 9,26% болды. Бұл ретте Ұлттық қордың құрылу басынан бергі ұзақ мерзімді табыстылығын есептегенде жылына 2,81% болады.
11 қыркүйекте Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында Ұлттық қордың дамыған елдерінің облигациялары портфелі 722 миллион долларға, ал акциялар портфелі 1 миллион 255 миллион долларға азайғанын айтты.
Тамызда Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемі бір айда 500 млн долларға артып, 53,8 млрд доллар болды.