Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында теміржол стансасында бала тоққа түсіп қайтыс болды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2019 23:32 zakon.kz
Қаза тапқан баланың әпкесінің айтуынша, қайғылы жағдай 11 сәуірде Ирченко стансасында орын алған.

Ақмола облысында бір бала тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаза тапқан баланың әпкесінің айтуынша, қайғылы жағдай 11 сәуірде Ирченко стансасында орын алған.

- Балалар мектеп аумағында сенбілікке шыққан (мектеп теміржолға қарама қарсы тұр). Бірақ неге екенін, теміржолдың аумағын қоқыстан тазалауға шыққан. Балалар вагонға кім бірінші мінеді өзара таласып, сол жерде бірнеше күннен бері тұрған вагонға қарай жүгірген. Вагонга бірінші болып біздің жалғыз ініміз кірді, қолын тартып алып үлгермеді, сол сәтте-ақ тоқ соғып қайтыс болды. 2004 жылы туған жалғыз ініміз еді, 7 мамырда 15-ке толар еді. Вагонга одан кейін екінші болып кірген бала тоқ соққаннан жарақат алды. Ол бала Атбасар ауруханасында емделуде, оның денсаулығы қалай болатыны белгісіз. Үшінші бала вагоннан сыртқа секіріп үлгеріпті, – деп айтып берді баланың әпкесі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.

– Қазір тексеру жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне сай, өзге ақпаратты әзірге жариялай алмаймыз, – деді көліктегі ПД.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: