Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Нұр-Сұлтан қаласында "Жау жүрек полкі" шеруіне 25 мың адам қатысты

Шеру монумент алаңында басталып, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы "Отан қорғаушылар" алаңына дейін жалғасты.

Сурет : қала әкімдігінің ресми сайты9 Мамыр 2019, 17:10

Биыл шеруге 25 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұрыс даласында қаза тапқан және Отанына аман-есен оралған жауынгерлердің ұрпақтары туған-туысқандарының портреттерімен "Қазақ елі" монументі алаңына жиналды.

Шеру монумент алаңында басталып, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы "Отан қорғаушылар" алаңына дейін жалғасты.

Іс-шараға тек қала тұрғындары ғана емес, сонымен қатар көршілес өңірлердің тұрғындары да қатысты, соның ішінде Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Степногорск, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындарымен қатар, шет мемлекеттен келгендер де болды. Шеруге қатысушылар "Отан қорғаушылар" монументіне еш кедергісіз гүл шоқтарын қоюы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 15 топ құрылды.

ҰОС жылдары ерлік көрсеткен атасын еске алу үшін Дана Зейнулла отбасымен шеруге қатысты. "Менің атам Жақсылық Шаханов Фин және Ұлы Отан соғысына қатысты. Тірі оралып, отбасылы болды. Кейін менің анам дүниеге келді. Одан біз тарадық... Атамызға жеңіс сыйлағаны үшін алғыс айтамыз!", – дейді Д. Зейнулла.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы "Батырларға тағзым" үйлестіру кеңесінің басшысы Аида Баймақова жауынгерлердің ұрпақтарына шеруге қатысқандары үшін алғыс айтты.

"Отбасымен, кішкентай балаларымен келген көптеген адамдарды көріп, біздің азаматтарымыздың бірлігі мен ынтымағына кезекті мәрте көзіміз жетті. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтарының атынан қала әкімдігіне шеруді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіргіміз келеді", – деді А. Баймақова.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер