Елорда күні Астанада "Қазақ елі" алаңында дрон шоуы өтеді

Елорда күні Астанада "Қазақ елі" алаңында дрон шоуы өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2023 12:51 Сурет: pexels
Дрон шоуы мерекелік концерттен кейін Тәуелсіздік даңғылы бойындағы "Қазақ елі" алаңында өтеді.

Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін дрондардың ерекше және бұрын болмаған шоуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара 6 шілде күні «Қазақ Елі» алаңында, Тәуелсіздік даңғылында, сағат 22:30-да өтеді.

Түрлі-түсті фигураларды құрайтын дрондар түнгі аспанды ерекше күйге бөлейді. Дрондардың ұшу хореографиясы елорданың 25 жылдығына арналған, түнгі аспанда елорданың көрнекті нысандары және т.б. көрсетіледі.

Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылып, оған 500 дрон қатысады. Айта кету керек, дрондар шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: