Жаңалықтар тізбегі
0

Студенттердің жатақхана мәселесі шешімін таппақ

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2019 16:34 Zakon.kz
Еліміз бойынша 80-нен астам колледж бар. Оның ішінде 26-сы ғана мемлекеттік статустағы колледждер, қалғаны жекеменшік.

Жамбыл облысында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі шешемін таппақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық білім беру саласы әрқашан қоғамда ерекше көңіл аударатын, маңызды әрі өте жауапты сала. Бұл тұрғыда медициналық оқу орындары туралы сөз қозғамау мүмкін емес. Медицинаның дамуы, алға жылжуы – медициналық білімнің ілгері дамуымен тікелей байланысты. Жалпы, медициналық білім беру – Қазақстанның денсаулық сақтау саласының қалыптасу жолының айнасы. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша "Азаматтық бақылау" қоғамдық мониторингін жүргізу" гранты аясында осы үшінші әлеуметтік бастаманың Жамбыл облысында қалай жүзеге асып жатқандығын Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры, дәрігер-педиатр, жоғары санатты оқытушы Жәмила Сарыбекова былай сипаттап берді:

"Жамбыл жоғары медициналық колледжіне ағымдағы жылдың 12 ақпанында 83 жыл толды. Іргетасы алғаш 1936 жылы қаланған білім ордасы 2 жылдық мейірбике мектебі ретінде жұмысын бастаған болса, бүгінде таңда жоғары медициналық колледжі атағына ие болып отыр. Осындай білім берудің даму сатыларынан өткен колледж бүгінгі күні жоғары колледж деген статусқа қол жеткізді. Қазіргі таңда колледжде 2095 студент негізгі 3 мамандық, 4 біліктілік бойынша білім алуда"- дей келе, жалпы,медицина мамандығы ең қажет мамандықтардың бірі, адам өміріндегі ең маңыздысы — оның денсаулығы екендігіне тоқталады.

Еліміз бойынша 80-нен астам колледж бар. Оның ішінде 26-сы ғана мемлекеттік статустағы колледждер, қалғаны жекеменшік. Соның ішінде осы колледжде жатақхана мәселесі қандай деңгейде өз шешімін таубуда деген сұрақ төңірегінде Жәмила Сарыбекова былай дейді:

"Жатақхана – колледждегі ең өзекті мәселелердің бірі. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының үшінші бастамасында жоғары білім берудің қолжетімділігімен сапасын арттыру және студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету аясында бірқатар жоспарлы жұмыстарды іске асырудамыз. Өкінішке орай, нәтижесі болмай тұр. Колледжде 2095 студент болса соны 1288-і ауылдан келген студенттер. Соның ішінде биылғы жылы оқу бітіретін студенттерімізді алып тастайтын болсақ, шамамен 800 студент ауылды мекендерден келген. Ең алыс аудандарымыз – Мойынқұм, Шу, Қордай және Сарысу аудандары. Жатақхана қажеттілігін зерделеу жұмыстарын жүргізгенде 350 студент қажеттілігін білдірді. Оның ішінде міндетті түрде 4 курстарды алып тастадық, өйткені олар биыл бітіретін түлектер.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2019 16:34

Жәмила Сарыбекова

Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында колледждің өз жатақханасы болған. Бірақ, ол жатақхананың сатылымға түсіп кеткендігі жөнінде де мәселенің мән-жайын айқын түсіндірді. Жәмила Сарыбекованың айтуы бойынша, жатақхана ешқайда сатылып кеткен жоқ.

"Ол жылдары жатақханамыз колледждің бас корпусының 4-5 қабаттары болған. Студенттердің саны едәуір артып кеткен соң, сол корпусты толықтай оқу корпусына айналдырып жіберген. Сондықтан колледж жатақханасыз қалған. Қазіргі таңда бұл мәселені әлі де қарастырып жатырмыз. Пушкин көшесіндегі 2-ғимаратымыздың жанынан жер телімі берілді. Біздегі ең негізгі мақсат инвестор табу болып отыр. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бізге инвесторлар тауып берді. Бірақ олар біз қойған кейбір талаптармен келіспеді. Расында, біз облыс орталығындағы бірнеше мекеменің босап тұрғанын көрдік. Мысалы, Ниетқалиев көшесінің бойында Анатолий Тимофеевичтің құрылыс компаниясындағы 3 қабатты ғимараты бос тұр. Оны да барып көрдік. Оны жатақхана ретінде қайта жаңғыртуға болатынындығын да зерделедік. Дегенмен барлық мәселе қаржыға тірелетіндігі ақиқат. Сондықтан ол да аяқсыз қалып отыр. Қазір емдеу мекемелерінің кейбір ғимараттары босап жатыр, оны да қарастырып жатырмыз. Жергілікті әкімдіктен қолдау болсабұл мәселені де қарастыруға әбден болады".

Жатақхана мәселесіне Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, профессор Ержан Әмірбекұлы да тоқтала кетті.

"Біздің Университетте студенттер саны 7 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 460 орындық жатақханамыз бар. Олжақта Қазақстан азаматтары мен қатар Түркіменстан азаматтары қатар орналастырылған. Биыл Түркіменстаннан 700-ден астам студент оқуға қабылданғаны белгілі. Олардың барлығын болмаса да, бірқатарын жатақханаға орналастырдық. Айтакететіні, қазіргі таңда бізг етағы 600 орындық жатақхана қажеттіглігі туындап отыр. Сондықтан Елбасының бес әлеуметтік бастамасына сәйкес аталған мәселені шешуді қолға алып жатырмыз. Дейтұрғанмен бұл жатақхана құрылысы біржылда бітетін шаруа емес. Сол себептен қаладағы қонақүйлермен келісімшарт жүргізіп, университетіміздег ішет ел азаматтарын сонда жайғастыруды қолға алдық. Атапайтқанда, Март Магнат сауда үйінің иелерімен келісіп, 90 Түркменазаматтарынсондажайғастырдық. Біз сырттан келіп оқып жатқан азаматтарға жағдай жасап, қауіпсіздігіне жауап беруіміз қажет. Жасыратыны жоқ, Тараз қаласында пәтер қымбат емес. Осы орайда 4-5 студент бірігіп 2-3 бөлмелі пәтерді жалдап тұрып жатқан жағдайлары да бар", - дейді Ержан Әмірбекұлы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: