Халық әділдікке зәру. Несиеге белшеден батты – Тоқаев

Ортақ сандар мен көрсеткіштер емес, елдің барлық азаматтарының шынайы әл-ауқаты маңызды болады.
Еліміздің азаматтары барлық жерде әділдік орнағанын қалайды. Одан кейінгі басты мәселе – халық табысының көлемінің азаюы. Миллионнан астам азамат банктерден несие алуға мәжбүр болды, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ұлықтау рәсімінде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күзден бастап жемқорлық азаяды
– Жемқорлық – мемлекет дамуын тежейтін кесел. 1-ші қыркүйекке дейін жемқорлық деңгейін мейлінше азайтатын реформалар топтамасы әзірленеді, – деді Президент.
Билік халықпен санасады
– Билік азаматтардың талаптарын тыңдауы керек, уәде бермей, іске кірісу керек. Осы ережені үкіметтің барлық мүшелері мен әкімдер сақтауы тиіс. Ортақ сандар мен көрсеткіштер емес, елдің барлық азаматтарының шынайы әл-ауқаты маңызды болады. Шешімдер қабылданғанда халықтың ой-пікірі есепке алынатын болады, – деді ол.
Бөлісу
0
Толық оқу