Жаңалықтар тізбегі
0

2019 жылдан бастап шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізіледі

pronedra.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2018 18:21 pronedra.ru
Бәрі біз ойлағандай жақсы емес. Біріншіден, шынайы салық төлеп отыратын бизнес бар, ол ертең: анаған салық салмады, ал менен неге алды демей ме? - Назарбаев

Шағын және орта бизнеске арналған салықтық амнистия 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы экономикалық тергеу қызметін қайта ұйымдастыру керек екенін атап өтті.

«Қаржылық мониторинг комитетіне қызметті тапсырып, экономикалық тергеу қызметін қайта ұйымдастыру қажет, Оның негізгі міндеті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес болуы тиіс. Ақшасыз экономикаға өтуіміз керек. Қолма-қол ақша болған жерде пара мен заң бұзушылық болады, экономика көлеңкеде қалып қояды, зейнетақы қорына да, әлеуметтік қорға да салық төленбейді», - деді Назарбаев.

Ол бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін үкіметке үш жылдың ішінде экономиканың көлеңкелі айналымын кем дегенде 40% -ға қысқарту бойынша тиімді шараларды қабылдау керектігін атап өтті.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистияны бастауды тапсырамын», - деді президент.

Президенттің осы сөздерінен кейін зал қошемет көрсетті. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев:

"Қошемет көрсеткендерің жақсы ғой, алайда бәрі біз ойлағандай жақсы емес. Біріншіден, шынайы салық төлеп отыратын бизнес бар, ол ертең: анаған салық салмады, ал менен неге алды демей ме? Яғни бұл жерде әңгіме егер ол мемлекетке негізгі салықты төлесе, өсім мен айыппұл жайлы болып отыр", - деп атап өтті Елбасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: