Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Енді қайда. Еркебұлан Сейдахмет "Левскимен" қош айтысты

"Левскиде" Сейдахмет көбіне жарақаттардан емделумен болды.

Сурет : Қазақстан Футбол Федерациясы13 Маусым 2019, 17:13

"Қазақтың Мессиі" атанып кеткен 19 жастағы футболшы Еркебұлан Сейдахмет Болгарияның "Левскиіндегі" карьерасын аяқтап, ресейдің "Уфасына" қайта оралады, деп хабарлайды Zakon.kz Sports.kz таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Ақпаратқа сай, Сейдахметтің Болгарияда ойнауы жөнінде жасалған аренданың келісімшартында футболшының жазда қайтып келуі туралы бап болған. "Уфа" сол опцияны іске қосқан.

"Левскиде" өткізген уақытында Сейдахмет Болгария чемпионатының 3-ақ ойынына қатысып, қалған уақытта көбіне жарақаттардан емделумен болды.

Қазақстанның U-21 жастар құрамасы сапында Еркебұлан Сейдахмет өткенде ғана Фарер аралдары мен Черногорияға қарсы ойындарда доп соғып, нәтижелі паспен көзге түскен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер