Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды

әлеуметтік желілер, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2019 18:39 әлеуметтік желілер
Ол - Анар Жайылғанова.

Анар Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, делінеді ҚР Преиздентінің жарлығында.

Жайылғанова Анар Нұралықызы

Соңғы қызметі: Парламент Мәжілісінің депутаты
Туған жылы: 10.07.1969
Туған жері: Семей қаласы
Отбасылы, қызы – Адырбекова Әйгерім Нұрланқызы (1992 ж.т.)
1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер, құқықтанушы. 2003 жылы Банк ісінің жоғарғы мектебі, қаржы және кредит факультетін бітірген. Мамандығы "Салықтар мен салық салу ісі".
ҚР Ұлттық ғылым академиясы, аспирантура (1993).

Еңбек жолы:

· ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер (1991);

· ОҚО (Шымкент) сотында аға кеңесші (1994-1997);

· Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы (Шымкент) (1997-1999);

· ҚР Әділет министрлігінде басшының орынбасары, басқарма бастығы (06.1999-12.1999);

· ҚР Президент әкімшілігінде мемлекеттік-құқықтық бөлімнің аға сарапшысы (12.1999-09.2000);

· ҚР Жоғарғы соты төрағасының кеңесшісі (09.2000-12.2004);

· ҚР Жоғарғы сотының судьясы (12.2004-03.2008);

· ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі (13.03.2008-01.2016)

· "Нұр Отан" партиясының мүшесі (01.2016 бастап);

· "Құрмет" ордені (2009);

· "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), "Астанаға 10 жыл" (06.2008), "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011), "Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін" (2014), "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл" медальдарының иегері.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: