Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда екі жаңа министрлік құрылды

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2019 23:05 ПМ
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Президентінің ресми сайтында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлығы жарық көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы;

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;

2) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғаудың, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру, табиғи ресурстарды қорғау, оларды ұтымды пайдалануды бақылау және қадағалау саласындағы;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы саласындағы;

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің берілетін функциялары мен өкілеттіктері шегінде құқықтары мен міндеттемелерінің құқық мирасқоры болып айқындалсын.

4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі".

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: