Жаңалықтар тізбегі
0

Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізетін мемлекеттік комиссия құрылды

pinterest.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 23:29 pinterest.com
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мемлекет басшысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік комиссияның қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін.

4. Мемлекеттік комиссия:

1) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2019 жылғы 1 қарашаға дейін бекітсін;

2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

5. "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 55 Жарлығының 1-тармағы 1), 2) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінеді қаулы мәтінінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: