Жаңалықтар тізбегі
0

Таксист Алматыдан тойға шыққан әйелді өлтіргенін мойындады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2019 22:39 видеодан кадр
Ұсталған кісі Айнұр Қасымованы өлтіргенін мойындап, денесін көмген жерді көрсетті.

Алматы облысының полицейлері жоғалып кеткен Айнұр Қасымованы өлтірді деген күдікпен 47 жастағы еркекті қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 маусымда Ақсу ауданының полициясына Алматыдан таксимен келе жатқан әпкесінің жоғалып кеткені туралы Жансүгіров ауылының тұрғыны хабарласты. Полицейлер жоғалған 43 жастағы әйелдің Алматыдан Mitsubishi Galant такси көлігіне мінгенін анықтады.

Жолда әйел туыстарына хабарлама жіберіп отырған. Бірінде ол Сағабүйен ауылының тұсында көлік бұзылып, ол басқа, Toyota көлігіне мінгенін айтқан. Тергеу кезінде таксист шынымен бұзылып қалғанын, әйелдің басқа көлікке мініп кеткенін айтады. Сөйтсе, әйелдің атынан хат жазған таксистің өзі болып шықты.

- Сағабүйеннен Жансүгіровке дейінгі жер түгел тексерілді. Әйел туралы ақпарат республиканың барлық полиция бөлімдеріне таратылды. Ақыры әйелдің жоғалуына қатысы бар деген күдікпен таксист ұсталды, - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған кісі Айнұр Қасымованы өлтіргенін мойындап, денесін көмген жерді көрсетті.

Алматы облыстық Полиция департаментінің видеосы

- Әйелдің денесін туысқандары таныды. Ол даладан табылды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу басталды, - деп қосты полиция.

1972 жылы туған ұсталған кісі Алматы облысының тұрғыны, бұрын сотталмаған.

43 жастағы Айнұр Қасымова 14 маусымда таксиге мініп Жансүгіров ауылына жолға шыққан. Содан жоғалып кеткен болатын. Ол өзімен бірге 500 мың теңге алып шыққан екен. Оның өлі денесі 17 маусымда табылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: