Алматы облысындағы төбелес кісі өліміне әкеліп соқты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2021 22:47 zakon.kz
Бір тәулік ішінде қылмыстың ізін суытпай, 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол кісі өлтіргенін мойындап, денені жасырған жерін көрсетті.

Алматы облысындағы бір ауылда Алматы тұрғынын өлтіріп кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Іле ауданының жергілікті тұрғындары полицияға белгісіз біреулер төбелесіп жатқанын хабарлады.

Бір тәулік ішінде қылмыстың ізін суытпай, 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол кісі өлтіргенін мойындап, денені жасырған жерін көрсетті, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Аталған факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша тіркеуге алынды.

Траншеядан ізкесушілер күштеу белгілері бар 31 жастағы Алматы тұрғынының мәйітін тапты. Күдікті қылмыс қаруын лақтырып жіберген. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дйді құзырлы ведомства.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: