Өскеменде көшеден жаңа туған сәбидің өлі денесі табылды

ktk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2019 15:53 ktk.kz
Полицейлер қылмыстың ізін суытпай сәбидің анасын көп ұзамай тапты. Ол 36 жастағы нақты тұрағы жоқ әйел болып шықты.

Өскемен қаласының Ворошилов көшесінен жылтыр пакетте салынған жаңа туған сәбидің денесі табылды. Мұны 102 шұғыл байланыс желісіне Өскемен тұрғыны қоңырау соғып, айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz Устинка LIVE-ке сілтеме жасап.

Полицейлер қылмыстың ізін суытпай сәбидің анасын көп ұзамай тапты. Ол 36 жастағы нақты тұрағы жоқ әйел болып шықты. Қаңғыбас әйел іштегі баласын арнайы дәрі-дәрмектің көмегімен түсіргенін мойындады.

Өскемен ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 319-бабы, яғни "Заңсыз түсік жасау" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралын жүргізіп жатыр.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: