Арысқа бір күндік жалақысын Елбасы да аударды

Ақорда Ақорда
Ол барша қазақстандықтарды бей-жай қарамауға шақырды.

Бұл күндері қазақстандықтар Арыс тұрғындарының қайғысымен ортақтасуда. Нұрсұлтан Назарбаев төтенше оқиғадан зардап шеккен адамдар тағдырына алаңдаулы, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Көмек көрсету мақсатында Елбасы мен Тұңғыш Президент Канцеляриясы қызметкерлері бір күндік жалақысын тиісті қорға аударды. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды орын алған қайғылы жағдай мен азаматтарымыздың тағдырына бей-жай қарамауға шақырды, – делінген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз