Тоқаев бір күндік табысын зардап шеккендерге аударды
facebook.com/Берік Уәли
Президент Әкімшілігінің қызметкерлері Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл бастамасын қолдап, көмек беруге қосылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды, деп хабарлайды Zakon.kz Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды. Президент Әкімшілігінің қызметкерлері Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл бастамасын қолдап, көмек беруге қосылды, делінеді хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript