Трагедиядан пайда көрмек болған алғашқы облыс сынға қалды

Gainesh (@_gainesh_) Gainesh (@_gainesh_)
Билік жауап берудің орнына банға тықты.

Трагедиядан пайда көргісі келіп қалатындар қашан шығар екен-ау деп жүргенімде пожалыста, Ақмола облысы бастап кетті, деп жазады блогер және журналист Насима Қорғанбекова.

– Арыстағы апаттан кейінгі келесі күні әр өңірлерден адам қабылдауға дайынбыз деген мәлімдеме жасаушылар шықты. Бос орындарын санап, тамақ запасын, персоналдың әлеуетін есептей бастады.

"100 адам қабылдаймыз!" деп солтүстік өңірдің билігі шықты. Қуанып қалдық. Жарылыстан кейінгі балаларға Бурабайдың ауасы ауадай қажет қазір.

Бірақ кеше екінші мәлімдеме жасалды. Ақмола облысы БІРІНШІ болып азаматтарды қабылдауды бастап кетті деген. Адам санын 500-ге дейін арттырғанын да жар сала жариялады.

Мәселе – оларда бос орын жоқ! Өзімнің бұзықтарым мен әжемді Бурабайға жібере алмай қор болып жүргеніме бір ай болды. Ол жердегі барлық лагерьлер мен барлық санаторийлерді жатқа білемін. Күнде хабарласып отырамын, орын босай қалса, маған бірден айтыңыз деп. Менің ондай өтінішім бірнеше турфирмаға да беріліп қойған.

Қайталаймын – ОРЫН ЖОҚ!

Олар 500 баланы қайда қоймақ? Қазір демалып жатқандардың бәрін қуып жібере ме? Әлде жаңа лагерь сала қоя ма? Әлде бір жаққа жіберіп қойып, олар лагерьде деп соға салмақ па?

Қысқасы, бізді ақымақ санайды.

Тағы бір вариант бар – 500 баланы қабылдадық деп, басшыларға жағып, бюджеттен ақша сыпырып, халыққа жаны ашитын "госиктердің" имиджін жасап алуы мүмкін.

"Біз БІРІНШІ" дегендеріне әлі күліп отырмын.

Арыс енді гонка ма не? Ал жарысайық, ол жаққа көмекті кім бірінші, кім екінші болып берді?

Берік Уәли (Berik Uali) жергілікті атқарушы биліктің осы қылығын өз басшылығыңызға жеткізіңізші. Әйтпесе олар өтірік ұпай жинап жүр сіздердің алдарыңызда.

UPD: Мені Марат Игали блоктап тастады (Ақмола облысы әкімінің орынбасары – ред.). Міне, пожалуйста – биліктің ашықтығы мен транспаренттілігі. Жауап берудің орнына банға тықты, – деп жазады Насима Қорғанбекова.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз