Показуханы қашан қоямыз – самокатшы-әкім сынға қалды

Facebook/Айгүл Тұрысбекова, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2019 21:19 Facebook/Айгүл Тұрысбекова
Олар – өтірік айтудың шеберлері еді.

Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың қалада самокатпен жүргені туралы жаңалыққа байланысты журналист Ришат Асқарбекұлы осы кісілер показуханы қашан қояды, деген ой білдірді өзінің парақшасында.

Оның жазуынша, біздегі шенеунік біткен велосипедке отырса да, автобуспен бір рет жүрсе де, әйтеуір өздерін көрсетуге дайын тұрады.

– Осы кісі Бостандық ауданында әкім болып тұрғанда, "Көктем-2" шағын ауданының тас қараңғы ауласына екі жыл айтып, жарық шамдары мен бағандарын орнатқыза алмап едік. Орынбасарлары да, ЖКХ-ға жауапты мамандары да өтірік айтудың шеберлері еді. Самокатпен жүргеннен Алмалы ауданында дүние төңкеріліп кетсе, маған келіңіздер. Қала билігі қаражатты орталыққа төгіп, жылда сипалай береді. Алатау ауданына барып жүріп көрсінші самокатымен. Онда баруды алыс десе, "Думан" шағын аудандарының көшелерімен бір жүріп өтсінші..., дейді Ришат Асқарбекұлы.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: