Мені ұстауға келсеңдер, атысамын – экс-президент Атамбаев

видеодан кадр видеодан кадр
Атамбаев – өліспей беріспейтін қатып қалған адам. Бәріне дайынмын деп қасқайып тұр.

Алмазбек Атамбаев өзін ұстауға арнайы қызметтер келіп жатса – кәдімгідей қарсылық танытатынын ашық айтты, деп жазады 24.kg.

- Мен бәріне дайынмын, - деді журналистерге Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, сізді ұстаған жағдайда не істейсіз деген сұраққа жауап бергенде.

Оның сөзінше, елде қазір бұрынғы президентті қамауға алуға дайындық жүріп жатқаны туралы ақпарат бар.

– Мені ұстауға дайындық жүріп жатқанын бәріміз білеміз. Күштік құрылымдар арасында да менің жақтастарым көп. Сауатсыз адамдардың сауатсыз бұйрықтарына шағымданып ҰҚК, ІІМ-де жүрген талай офицер жылап келген маған. Мен бәріне дайынмын. Қарсылық көрсетемін. Наградалық қаруым бар. Мұны бұйрықты орындайтын жігіттер естісін деп әдейі айтып тұрмын. Қырғызда мақал бар ғой: "жатып өлгенше атып өл" деген, - деді Алмазбек Атамбаев.

Айта кетсек, күні кеше Жогорку Кенеш Алмазбек Атамбаевты Қырғызстанның экс-президенті мәртебесінен айырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз