Қазақстаннан есірткі алып өтпек болған өзбек азаматы ұсталды

zakon.kz zakon.kz
Сканерлеу нәтижесінде автокөліктің артқы дөңгелегінен 7 дана күдікті түйнек заттар анықталды.

Өзбекстан азаматы автокөлігінің артқы дөңгелегінің жоғары жағында 7 дана күдікті түйнек заттар анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша күдікті зат - "канабис смоласы" екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 маусымда "Жібек Жолы" кеден бекетінде Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына өту бағытындағы автокөлік құралдарын тексеру кезінде қызметтік иттердің көмегімен "Шевролет Каптива" маркалы автокөлігі жүргізушісі, 01.08.1983 жылы туған Өзбекстан азаматы М.Б тоқтатылды.

Сканерлеу нәтижесінде автокөліктің артқы дөңгелегінен 7 дана күдікті түйнек заттар анықталды.

Автокөлікті Түркістан облысы ЭТД қызметкерлерімен бірге ашып тексеру барысында автокөліктің оң жақ артқы дөңгелегінің ішінен 7 дана түссіз полиэтилен пакетке оралып қатырылған, айрықша иісі бар қоңыр түсті заттар анықталды.

Сараптама қорытындысы бойынша 3522,146 грамм "каннабис смоласы" есірткі заты анықталып, сотқа дейін тергеу амалдары басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз