Жаңалықтар тізбегі
0

Білім министрінің көмекшісі мен ЖОО ректоры 7 млн теңге "жеп қойды"

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2019 23:40 zakon.kz
Университет ректоры білім министрінің көмекшісіне заңсыз айлық аударып отырған деген күдікке ілікті.

Парақорлық пен бюджет қаражатын жымқыруға қатысты ашылған деректер туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысындағы университет ректоры білім және ғылым министрінің көмекшісіне заңсыз жалақы аударып келген екен.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры мен ҚР Білім және ғылым министрі көмекшісінің аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған дерегін анықтады. Олар 2017 жылдан бері қазірге дейін министр көмекшісіне 7 млн теңгеден астам жалақы аударған. Тергеу жүріп жатыр, – деді Бердалин.

Сондай-ақ, Агенттік "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасының пара алғанын анықтаған.

– Ол республикадағы жоғарғы оқу орнындарының бірінің ректорынан 5 мың доллар көлемінде пара алған. Ғылыми жобаларды қаржыландыру туралы оң шешім шығару мен ректорды жалпы өз қорғауына алатыны үшін алған параны. Күдіктілер өз кінәларын мойындап, тергеуге көмектесуге келіскендіктен, қамауға алынбады, – деді Бердалин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: