Абай облысында кафе қызметкерлері 13 млн теңге жымқырған

Доллары, деньги, конверт, коррупция, взятка , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 16:51 Фото: Zakon.kz
Абай облысында кафе қызметкерлері 13 млн теңгеден астам қаражатты өз шоттарына заңсыз аударып отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысындағы танымал кафе желісінің иесі шотындағы қаражаттың жетіспеушілігін байқап, полицияға жүгінді. Кәсіпкердің айтуынша, 2024 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін кассадан 13 миллион теңгеден астам қаражат жоғалған.

Тергеу барысында бұл қаражат екі қызметкердің жеке шоттарына тұрақты түрде аударылып отырғаны анықталды. Күдіктілер басшылықтың рұқсатынсыз, мобильді қосымша арқылы аударым жасап, мекеменің қаржысын өз мақсаттарына пайдаланған.

Полицейлер күдіктілерді жылдам анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді. Жұмысшылар өз кінәсін мойындағанымен, ұрланған қаражатты қайтару мүмкін болмады – олардың айтуынша, бүкіл сома жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Қазіргі уақытта аса ірі мөлшердегі шығын фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: