Абай облысында кәсіпкерлерге 43 млн теңгеден астам берешек ақша өндіріп берілді

Теңге, берешек ақша, Абай облысы, кәсіпкерлер, өтелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 19:42 Сурет: Zakon.kz
Абай облысында прокуратура кәсіпкерлер алдындағы 43 млн теңгеден астам берешек ақшаның төленуіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Курчатов қаласының прокуратурасы 2024 жылдың басынан бастап коммуналдық кәсіпорындардың бірі 44 кәсіпкердің құқықтарын бұзып, жеткізілген тауарлар үшін 92,9 млн теңге төлемегенін анықтады.

"Мәселен, "Курчатов водоканал" КМК 2024 жылы су тазартуға арналған реагенттерді жеткізген кәсіпкерге 1,7 млн теңге төлемеген. Прокуратураның қадағалау актісі негізінде 8 бизнес субъектісіне 43 млн теңге көлеміндегі берешек толық өтелді. Қалған сома кәсіпорынның қаражат тапшылығына байланысты кезең-кезеңімен өтелетін болады".   Абай облысының прокуратурасы

КМК-ның кәсіпкерлер алдындағы міндеттемелерін орындауы Курчатов қаласы прокуратурасының бақылауына алынды. КМК-ның кінәлі тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 Бұған дейін Алматы облысында интернет-алаяқтардың құрбандарына 8 млн теңгеден астам шығын өтелгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: