Арыста тағы снаряд жарылды – Қорғаныс министрлігінің шұғыл хабары

yerlanbi_dauletiyar, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2019 21:14 yerlanbi_dauletiyar
Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

Инженерлік-саперлік бөлімшелер Арыстағы арсенал тұрған жердің территориясында (тыйым салынған аумақ) оқ-дәрілер қалдықтарын жинау кезінде бір снаряд жарылып, соның нәтижесінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт ошағы әскери өрт сөндірушілердің күшімен сөндірілді.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.

Жергілікті тұрғындарға төнген қауіп жоқ.

Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік бөлімшелердің жұмыстары аяқталғанша оқ-дәрілер арсеналының аумағына жақындауға тыйым салынғанын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: