Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

"Жетісу бөрісі" – қазақша күрестен полицейлер арасындағы чемпион

100 келіге дейінгі салмақта Жетісу жерінің намысын қорғаған Александр Косачевқа қарсылас шақ келмей, алтыннан алқа тағынды.

Сурет : Алматы облыстық ПД5 Шілде 2019, 15:43

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында 27-30 маусымда полицейлер арасында қазақша күрестен өткен "ҚР Ішкі істер министрлігінің чемпионаты" өз мәресіне жетті. Ел тыныштығын күзеткен сақшылар қазақ күрестен кімнің мықты екенін анықтап, ұлттық спортымыз бен бәсекенің көрігін қыздырды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Боз кілемде бас қосқан сайдың тасындай тәртіп сақшылары өз облыстарының намысын қорғап, бар білгендерін ортаға салды. Спортты серік еткен полицейлердің тартысы дүйім жұртты тәнті етті.

100 келіге дейінгі салмақта Жетісу жерінің намысын қорғаған Александр Косачевқа қарсылас шақ келмей, алтыннан алқа тағынды. Іле ауданында кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын полиция аға лейтенанты А. Косачев қазақша күрестен Жетісу бөрісі атанса, дзюдо күресінен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Азия чемпионатының қола жүлдегері, әлемдік ареналарда еліміздің туын желбіретін жүрген даңқты спортшы.

"Бізде әр қызметкердің жалпы физикалық дайындығына, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгеруіне аса назар аударылады. Қызметкерлер арасынан әлем, Азия чемпиондары шықты. Бүгін Александр топ жарды. Қызметтегі міндеттерімен қатар, спортта да жетістікке жетіп жүргені – оның еңбекқорлығын, қағидатшылдығын білдіреді. Қандықол қылмыскерге қарсы келу үшін тәртіп сақшысының бойында қайрат, жүректе намыс, білегінде күш болуы керек", - деп атап өтті Алматы облысы Полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасының бастығы полиция полковнигі Аят Мұратбаев.

"Облыс мәртебесін биікке көтерген балуан мүлтіксіз қызметі мен спорттық жетістігі үшін департамент басшылығының қабылдауында болып, құттықтауларын қабылдады", - деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер