Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық Жәмила Бақбергенова күрестен әлемдік рейтингіде көш бастады

Жәмила Бақбергенова, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2023 16:30 Сурет: видео скрині
Жәмила Бақбергенова UWW тұжырымы бойынша еркін күрестен 2023 жылдың қорытынды рейтингінде 72 келіге дейінгі салмақта үздік атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәмила спорттық карьерасында үшінші рет Азия чемпионатында жеңіске жетсе, ал қыркүйекте Сербияда өткен әлем турнирінде қола жүлдені жеңді.

Бақбергенова қазан айында Қытайда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Рейтингідегі ұпай спортшылардың әлем чемпионаттарына, құрлықтық турнирлерге, Азия ойындарына, Панамерикандық ойындарға және төрт рейтинг сериясына қатысқаны және алған орны үшін беріледі.

Бұған дейін қазақстандық Ризабек Айтмұхан UWW тұжырымы бойынша еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингіде ең үздік балуан атанғанын жазған едік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: