Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Димашқа пародия жасаған моңғолиялық желіні шулатты

Желідегі қауымның пікірі оның өнерін бағалауда екіге жарылған. Бірі оны жақтырса, бірі жаратпай қалған.

Сурет : видеодан алынды9 Шілде 2019, 09:59

Моңғолияда бір өнерпаз тура Димаш сияқты сахнаға киініп шығып, әлемді аузына қаратқан қазақ әншісінің орындауындағы "S.O.S d'un terrien en détresse" атты француз әнін шырқады деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейін белгілі болғандай, ол «Яг түүн шиг» телешоуында өнер көрсеткен Халиун есімді моңғол қызы боп шықты.

Желідегі қауым оның өнерін бағалауда пікірі екіге жарылған. Бірі оны жақтырса, бірі жаратпай қалған.

Бұл талқылау Димаштың да назарынан тыс қала алмады. Ол өз кезегінде өнер иесіне алғыс білдіріп, парақшасында жазба жариялады.

"Өте қызық пародия. Бұл қыз маған, өзіме де қатты ұқсайды ғой. Өте талантты жұмыс", - деп жазды Димаш Құдайберген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер