Алматыда автобус шопырын ұрған самокат иесі сотталатын болды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2019 20:46 видеодан кадр
Полицияның қолында самокатшының жолдан қызылға өтіп кеткен сәтінің видеосы бар.

Алмалы ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы – бұзақылық бойынша қылмыстық іс ашып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс аясында тергеу шаралары мен кешенді сараптамалық зерттеулер жүргізіледі, соның нәтижелері бойынша нақты процессуалдық шешім жасалады.

Полицияның қолында самокатшының жолдан "қызылға" өтіп кеткен сәтінің видеосы бар. Бұл факт жеке қаралып, әкімшілік заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, деп хабарлады
Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: