Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанға 800 литр заңсыз алкоголь кіргізу әрекетінің жолы кесілді

Барлығы құны 1,5 млн теңге болатын, жалпы көлемі 792 литр 183 ыдыс контрафакт алынды.

Сурет : penzavzglyad.ru10 Шілде 2019, 16:56

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2019 жылдың 8 шілдесінде шұғыл іс-шаралар барысында Ресей Федерациясынан Қазақстанға "Қайрақ" автокөлік өткізу бекеті арқылы алкоголь өнімдерін алып өту әрекетінің жолын кескен, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Құрамында спирті бар шыққан тегі белгісіз сұйықтық 4 және 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйылған, рұқсат құжаттары (алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудалау лицензиясы, ілеспе құжаттары) жоқ.

Барлығы құны 1,5 млн теңге болатын, жалпы көлемі 792 литр 183 ыдыс контрафакт алынды. Жауапты тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 463 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік іс толтырылып сотқа жіберілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер