Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

almaty.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2019 17:21 almaty.gov.kz
Сапарбек Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен Сапарбек Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

С.Тұяқбаев 1979 жылы туылған. 2001 жылы Таяушығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде, Ресейдегі ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарған.

2012-2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды, инвестиция, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне басшылық жасады.

2016 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрілігінің инвестиция Комитетінің Төрағасы. 2017 жылдың қарашасынан «НК «Kazakh Invest» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.

Бұрындары қала әкімінің орынбасары болған Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: