Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

 Атырау облысының аймақтық коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2019 19:04  Атырау облысының аймақтық коммуникациялар қызметі
Облыс әкімнің орынбасары болып - Әйбек Қрамбаев тағайындалды.

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабрлайды Атырау облысының аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 4 ақпан күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне жаңа орынбасары Айбек Крамбаевты таныстырды.

Айбек Крамбаев Атырау облыстық әкімдігінде кәсіпкерлік, инвестиция тарту, мұнай-газ секторы, соның ішінде қазақстандық мазмұн және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Жаңа орынбасардың кандидатурасы Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігімен келісілген.

Бұрын осы салаға жауапты болған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов енді аймақтың әлеуметтік мәселелеріне - денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, т.б. жетекшілік жасайды.

Айбек Крамбаевтың менеджмент және маркетинг салаларында бакалавр, магистрант дәрежелері бар. Әр жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы менеджмент, экономика және болжамдау институтын, И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ институтын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы мұнай компаниясында оператор қызметінен бастаған, 2001-2005 жылдары жеке компанияларда маркетинг және тариф саясаты бөлімінің басшысы, ішкі газ тасымалдау бөлімінің басшысы, маркетинг менеджері лауазымдарында жұмыс істеді. 2005 - 2007 жылдары – "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ келісім-шарт жөніндегі менеджер, техникалық топ басшысы болды.

2007 - 2010 жылдары Ұлыбритания, Лондон қаласында Қарашығанақ Петролиум Девелопмент Лимитед уәкілетті органы техникалық топтың жетекші өкілі қызметін атқарған.

2010 - 2012 жылдары "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Қарашығанақ жобасы бойынша уәкілетті органында техникалық топты басқарды.

2012 жылдың тамыз- желтоқсан айларында “PSA” ЖШС Қарашығанақ жобасы бойынша бас менеджер қызметін атқарды.

2012 жылдың желтоқсаны мен 2015 жылдың қараша айы арасында “PSA” ЖШС келісім-шарт мониторингі және маркетингі департаментінің директоры болды.

2015 жылдан бүгінге дейін “PSA” ЖШС басқарма мүшесі, бизнесті және жергілікті қамтуды дамыту бойынша басқарушы директор лауазымын атқарды.

Нұрлан Ноғаев Айбек Крамбаевтың Қазақстан Республикасының мүддесін ірі мұнай-газ жобаларында қорғаған, жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға, шетелдік компанияларда кадрларды ұлттандыруға бақылау жасаған тәжірибелі маман екенін атап өтті. Шетелде жұмыс істеген, 4 тіл, соның ішінде ағылшын, түрік тілдерін меңгерген.

- Жаңа орынбасардың тәжірибесі жүктелген міндеттерді атқаруға септігін тигізеді деген сенімдемін, - деді Атырау облысының әкімі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: