Жаңалықтар тізбегі
0

"Тығып қойып..." Блогер Үкімет басшысының Арыстағы сапарын сынады

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2019 18:16 Facebook
"Бүгін министр Мамин деген келеді деген соң барғанбыз, ойбай полиция мен охрана жолатқан жоқ. Үйлеріңде отырыңдар деп, көшелерді жауып тастады"- деді Арыс халқының ашынған тұрғындары - Айгүл Орынбек.

Шымкенттік блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек Арыста болған Үкімет басшысы Асқар Маминнің жұмыс сапарына қатысты сын айтып, желіде өз ойымен бөлісті деп хабарлайды Zakon.kz.

"Арыс қаласының тұрғындары:" Әкімдікке барсаң, кіре алмаймыз, штабқа барсаң ештеңе түсіндірмей әкіміңнен сұра",- дейді. Сол екі ортада сандалып жүрген. Әрқайсысы үйімізге бір келіп бастарын қасып, сызып кетеді. Ертесіне іздеп барсаң, жұмыстан шығып кеткен дейді.

Сосын бүгін министр Мамин деген келеді деген соң барғанбыз, ойбай полиция мен охрана жолатқан жоқ. Үйлеріңде отырыңдар деп, көшелерді жауып тастады"- деді Арыс халқының ашынған тұрғындары.

Құрметті Үкімет басшысы Мамин мырза! Арыс халқының тұрғындары өз әкімдеріне кіріп мұңын айталмай жүр. Құрылыс жұмысын 21 күн күткен халық сізбен жолығып шерін тарқатқысы келген. Жергілікті атқарушы органдар, өздерінің жұмыстарын керемет көрсету үшін қызыл кілем төселген жерлерге апарады. Халықтан қаша бермей, шықсаңыздаршы ел алдына. Өз халқыңыздан өздеріңіз қорғанып не көрінді? Бүкіл түркі әлемін билеген Сұлтан Сүлеймен де халықтың ортасында жүрген ғой!

"Аптасына бір рет келіп тұрамын" деп айтыпсыз. Ендеше әкімдерге айтпай келіңізші, қолыңыздан ертіп жүріп, халықтың проблемасы шығып тұрған жерлерге апарайын. Мықты ел болу үшін халықтың проблемасын уақытылы, ұйымдастырған түрде шешіп үйренейік! Әйтпесе, халық пен биліктің арасы қатты алшақтап кеткен! Соңы жақсылыққа алып келмейді!

Фотоотчет үшін емес, халықтың алғыс отчеті үшін жұмыс істейік!", - деп жазды Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: