Полицейлер арасында жемқорлық туралы анонимді сауалнама жүргізіледі

rb7.ru rb7.ru
Сауалнама жүргізу үшін ұйымдастырушылар шетелдік және қазақстандық жетекші әлеуметтанушыларды шақырмақ.

Қазақстанда ІІМ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында анонимді сауалнама жүргізіледі, деп мәлімдеді "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының өкілі Серік Беркамалов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде, деп хабарлайды Zakon.kz.

– ІІМ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында анонимді сауалнама жүргізіп, олардың іштей жемқорлықты қалай түсінетіні, ІІМ ұжымындағы өзара қарым-қатынас қандай екенін білмекпіз. Анкета дайын, оны әзірлеу шамамен екі айға созылды, шетелден де, өз елімізден де ең жетекші деген әлеуметтанушыларды тартып, сауалнаманың жобасын дайындадық, – деді Беркамалов.

Оның сөзінше, сауалнама ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында жүргізіледі, оған кемінде 2000 адам қатысады деп жоспарлануда.

– Анонимді анкетада бірнеше бөлім болады, оның бірі қызметкерлердің өз жұмысына көңілі толуы мен жұмыста не ынталандыратынына қатысты. Жемқорлықты қалай түсінетіні, жемқорлықтың бейресми қарым-қатынастардың қай деңгейінен басталатынын зерттемекпіз. Ауызша алғыстар бар немесе кішігірім сыйлықтар – бәрін зерттегіміз келеді. Үшінші бөлім сыбайлас жемқорлықтың қарқынына арналады, біз тіпті қай бөлімшенің абырой-беделі қандай екенін де білгіміз келеді. Яғни, Ішкі істер министрлігінің жүйесінің қай бөлімшелерінде жемқорлық жоғары екенін анықтамақпыз, – деді "Талап" орталығының өкілі.

Сауалнама қорытындысы бойынша ІІМ-де өзгерістер жасалады.

– Ішкі істер министрлігінде қолданылатын барлық нормативтік құқықтық актілерге талдау жасалады. Бұйрықтар, қызметтік ішкі бұйрықтар. Біз олардың бәрін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша тексеруіміз керек. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтағаннан кейін қандай өзгерістер жасау керектігі туралы ұсыныс береміз және Ішкі істер министрлігі мен Агенттік заңнамаға өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдайды, – деді Серік Беркамалов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз