Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлер арасында сауалнама жасады

Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлер арасында сауалнама жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 13:26 Сурет: Instagram/kff_team
11 қыркүйекте Қазақстан футбол федерациясы Instagram-дағы парақшасында жазылушылар мен жанкүйерлерге сауалнама жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Кешегі матчтың үздік ойыншысын анықтайық! Кеттік!" – делінген фотоның сипаттамасында.

Айта кетейік, пікірлерде Максим Самодовтың есімі көш бастап тұр.

10 қыркүйек күні кешке Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің топтық кезеңінің алтыншы турындағы ойында Солтүстік Ирландия құрамасын ұтты.

Жеңімпаздар қатарында ойынның 27-минутында жалғыз голды 21 жастағы ақтөбелік шабуылшы Максим Самородов соқты. Оған 30 жастағы "Астананың" қорғаушысы Абзал Бейсебеков көмектесті.

Кейін Қазақстан құрамасын Қасым-Жомарт Тоқаев жеке құттықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: