Жаңалықтар тізбегі
0

Банкке көмектескен екібастұздық бір күнде байып шыға келді

24 kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2019 21:01 24 kz
Жеке басының қауіпсіздігін сақтау үшін банк миллионердің аты-жөнін жарияламады.

Банктің бұрынғы қызметкері туралы ақпарат берген тұрғынға 26 мың доллар төленді, деп хабарлайды ktk.kz.

Kaspi-дің Қауіпсіздік қызметі Павлодар облыстық ІІД-мен бірлесіп, Kaspi-дің бұрынғы қызметкері, алаяқтық жасауда күдікті Руслан Сексембаевты тауып, тұтқынға алды. Жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 21 шілдеде Екібастұз қаласында ұсталған.

"Күдіктінің мекен-жайын анықтауға көмек көрсеткен тұрғынға Kaspi 10 миллион теңге көлемінде сыйақы берді. Қауіпсіздікті сақтау үшін миллионердің аты-жөні жарияланбайды", - деп хабарлады қаржы мекемесінің баспасөз қызметі.

11-12 шілдеде Павлодардағы полиция басқармасының орталық бөліміне алаяқтық фактісі бойынша 28 адам өтініш білдірген. Алдын ала мәліметке сәйкес, банктің бұрынғы қызметкері кепілде тұрған мүлікті арзанға сатып алуға көмектесемін деп, зардап шегушілерді өз шотына қаржы аударуға көндірген. Кейін ізін суытты.

Kaspi bank банкпен барлық қаржы операциясы келісімшартпен бекітілетінін атап өтті. Мекеме еш уақытта ақшаны жеке адамның шотына аударуды талап етпейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: