Жаңалықтар тізбегі
0

Арыста 2048 үй жөнделіп, иелеріне тапсырылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2019 17:35 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жалпы, Арыс қаласында 8466 үй бар, оның ішінде апаттан кейін тұруға жарамсызы – 315.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысып жатқан Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі 9 сектор, Шымкент қаласына тиесілі 10 сектор, БҚО-ға тиесілі 11 сектор жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы төтенше жағдайдан жапа шеккен нысандарды жөндеуге жауапты облыстардың кемшіліктерін айтып, ескерту жасады.

"Атырау, Павлодар облыстарының жұмысы жүйелі. Толықтай үйлерді бұзып, нәтижелі жұмыс істеуде. Уақытты жоғалтып алдыңыздар. Құрылысы басталмаған үйлер де бар. Тұрғындармен тіл табысып, жұмыс істеу қажет. Тездетіп жұмыс қарқынын үдетпесеңіздер үлгермейсіздер", – деді облыс басшысы.

Жалпы, Арыс қаласында 8466 үй бар, оның ішінде апаттан кейін тұруға жарамсызы – 315. Зақымданған үйлер саны – 7157 болса, ақау АКТ-сі жасалған жеке үйлер саны – 7350. Қазіргі таңда 4945 үйде жөндеу жұмыстары жүруде. 2048 үйде жөндеу жұмыстары аяқталып, үй иелеріне тапсырылды. 359 үйдің құрылысы енді басталмақ. 17 секторда жиыны 7649 маман жұмыс істеуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: