Жаңалықтар тізбегі
0

"Үй тұруға жарамсыз". Аягөзде газ баллоны атылып, 7 адам ауруханаға түсті

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2019 20:57 Хабар 24
Газ баллоны атылған үй тұруға жарамсыз.

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев үйінде газ баллоны атылып, ауруханадан бір-ақ шыққан отбасыға көмек көрсетілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"20 қараша күні сағат 20.50 шамасында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы Аягөз қаласында баллондағы ақаудың кесірінен газ атылып, бір үйдің төбесі мен қабырғасы құлап, жапырылып түскен. Күйік жарақаттарымен 7 адам ауруханаға түсті. Олардың 4-еуі - бала", - деді бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Оның мәліметінше, үй иесі – 40 жастағы азаматтың денесінің - 38 пайызы, 65 жастағы әйелдің денесінің - 12 пайызы, тағы бір әйелдің денесінің 25 пайызы күйген. Бұдан бөлек, төрт бала жарақат алып, ауруханада жатыр.

"Мен бұл мәселеге қатысты мән-жайды анықтап жатырмын. Оқиға орнынан маған баяндалғанындай, үй иесі дәл сол күні автогаз бекетінен 5 литрлік баллонды толтырып, үйге кіре беріс бөлмеге орнатқан. Үйден шыға берген кезде газ баллоны жарылған. Бір нұсқа бойынша, вентильден ақау шыққан. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып отыр. Тергеу басталды. Мен бұған дейін қазіргі нормативті құжаттамаға сай, тұрмыстық газ баллондарын автогаз бекеттерінде толтыруға тыйым салынғанын ескерткен болатынмын. Баллонға белгілі бір мөлшердегі газ құйылуы керек. Автогаз бекеттерінде қандай әдіспен толтыратынын білмеймін. Бірақ, мұндай жағдайдың арты осындай оқиғамен аяқталды", - деді ол.

Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев зардап шеккендердің жағдайын білу үшін ауруханаға барған.

"Әрине, бұл өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан болып отыр. Бауыры бүтін ағайынның "бір отбасы ауруханаға бір мезетте түсіпті" дегенге жүрегі селт етпей қоймайтынына сенімдімін. Бүгін осы отбасы мүшелерінің халін білуге ауруханаға арнайы бардым. Сондай-ақ, баспанасының жайын да көріп қайттым. Әлбетте, жағдай өте ауыр. Отбасы аман-есен ауруханадан шыққан соң барар жері жоқ. Өрттің салдарынан үй тұруға жарамсыз болып қалған. Бұған дейін де үйін өрт шалған бір отбасына көмек бергенімізді білесіздер. Дәл солай бұл отбасын да далада қалдырмаймыз. Осы күннен бастап барынша жәрдемдесетін боламыз", - деп жазды ол Facebook-те.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: