Солтүстік Қазақстан облысында қарғын су кірген 200 үй тұруға жарамсыз

Солтүстік Қазақстан облысында қарғын су кірген 200 үй тұруға жарамсыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 14:25 Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысында қарғын су кірген 1400 үй бағаланып, 200-і тұруға жарамсыз деп танылды.

Қазір табиғи апаттың салдарын жоюға бағытталған жұмыс жүріп жатыр. Өңірде 4 мыңға жуық баспананы су басып, 14 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Олардың 9 мыңы өз шаңырақтарына оралды. Бүлінген үйлер қалыпқа келтірілуде, деп жазады qazaqstan.tv.

100-ден астам механикалық бригада жасақталды. Олар Петропавл қаласының Заречный кенті, Ойқала, "Былғары зауыты" шағын аудандары мен Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное және Тепличное ауылдарында жұмыс істеп жатыр.


"Әлі 68 үй суда тұр. Бағадау жұмыстары әлі де жалғасуда. 13 аудан бар. Солардан 5 бригададан келді. Оның ішінде құрылыс мамандары бар. Әрбір шағын ауданда 4 ауданнан белгіленді. Олар қалпына келтіру, үйлерді жөндеу бойынша жұмыс атқаруда." Тимур Әбдіреш, СҚО әкімінің баспасөз хатшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: