Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің бірқатар өңірінде қарғын су үйлерге кірді

Еліміздің бірқатар өңірінде қарғын су үйлерге кірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 10:40 Сурет: pixabay
Өткен демалыс күндері еліміздің бірнеше өңірінде күн күрт жылынып, еріген қар суы қауіп төндірді. Қарғын су ақтөбеліктерді әуреге салып жатыр. Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде жиырмадан аса аула мен бес үйге су кірген.

Тасқынға қарсы жұмыстарға Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімінен 50 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Олар су келетін бағытқа мыңға жуық құм толтырылған қапшық төседі. Түні бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде судың деңгейі түсе бастаған. Алайда, бүгін түстен кейін жағдай қайта қиындауы мүмкін. Қазір Байғанин ауданындағы үш ауылға қатынас жоқ. Әйтеке би ауданының Талдық ауылына баратын жолды да су шайып кеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Батыс Қазақстан облысында да қарғын су аудандық маңызы бар екі тасжолды шайып кетті. Ақжайық ауданына қарасты Жұбан-Сайқұдық және Жәнібек ауданының Жәнібек-Таловка- Кіші өзен жолдарында көлік қозғалысы шектелді.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, елді мекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер тіркелмеген. Айналма жол бар. Жергілікті атқарушы органдар, полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерінің күштерімен кезекшілік ұйымдастырылған. Аймақта қатты жауын-шашын болатыны жайлы дауылды ескерту жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: