Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау мен Батыс Қазақстан облысында жолшылар су тасқынын болдырмау шараларын бастады

Атырау мен Батыс Қазақстан облысында жолшылар су тасқынын болдырмау шараларын бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2024 13:41 Сурет: Telegram/KazAvtoJol
Өңірлерде су тасқынының алдын алу шаралары басталды. Күн райының күрт жылуына байланысты бірнеше облыстарда қар мен мұз жылдам еріп жатыр.

"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, жолшылар "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 34-шақырымындағы айналма жолдың маңындағы еріген судың ағып кетуін қамтамасыз етті.

Су өткізетін құбырларды тазалау түнде басталған. Учаскеге шұғыл түрде қажет техника жеткізілді. Қазіргі сәтте су тасқынының қаупі жоқ.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардағы су өткізу құбырларын тазалау штатты режимде жүзеге асырылып жатыр.

"Бүгінде тасқын қаупі жоқ болғанымен, жол-пайдалану учаскелерінде арнайы кезекшілік ұйымдастырылды", - деп қосты ведомство.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: