Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура үш өңірдегі су тасқынына байланысты төрт тергеп-тексеру шараларын қолға алды

Бас прокуратура, су тасқыны, тергеп-тексеру, Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2024 11:31 Сурет: gov.kz
Прокурорлар Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастады. Сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақтылығы мен толықтығы зерттелуде. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгінгі күні жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланған 10 облыста уәкілетті мемлекеттік органдар салдарларды жою және азайту, жаңа аумақтарды су басуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауда.

"Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, әкімдіктер мен басқа да қызметтердің 10 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды. Ең күрделі жағдай Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарында қалыптасуда. Прокуратура органдары нақты елдімекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да объектілердің қирау себептерін белгілейді. Атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақтылығы мен толықтығы зерттелуде. Қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға берілетін болады". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастады. 

Жергілікті жерлердегі прокурорлар құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Проблемалық учаскелерді қоршау және патрульдеу, азаматтардың мүлкін қорғау қамтамасыз етілген.

"Осы қиын кезеңде азаматтарды дүрбелеңге түспеуге шақырамыз, әрбір зардап шеккен отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық көлемде көмек көрсетіледі. Бұл мәселе прокуратура органдарының тұрақты бақылауында. Өтемақы алу алгоритмі Үкіметтің қаулысымен бекітілген арнайы ережелермен нақты реттелгенін түсіндіреміз. Жергілікті атқарушы органдар біржолғы материалдық көмек төлеуге кірісті. Жалпы, барлық уәкілетті мемлекеттік органдар мен құқықтық тәртіп органдары еріктілердің қолдауымен күшейтілген режимде жұмыс істеуде", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Су тасқынын оқшаулау және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: