Прокуратура "Қазақфильмде" 400 миллион теңгенің ұрланғанын әшкереледі

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 09:43 Сурет: pixabay
Алматы прокуратурасы ұлттық кинематографияны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының прокуратурасы "Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм" Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.


"Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды." Алматы қаласының прокуратурасы

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: