Жаңалықтар тізбегі
0

747 миллион теңгенің ұрлығы: «Антикор» тексеріс жүргізіп жатыр

ақша, қаржы, жымқырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 15:25 Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ерекше ірі көлемде – 747 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-каналында хабарланды.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына және «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. 2021 жылы іс жүзінде аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін төленген аса ірі сомада (747 млн. теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, тергеу мүддесін көздейтін басқа да мәліметтер жария етілмейді.

Наурыздың 13-і күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Қазақтелеком» АҚ-ның аса ірі көлемдегі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны хабарланған болатын. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

17 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға рейдерлік жолмен бизнесті басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: