Қоластындағы қызметкері парамен сотталған аудан әкімі қызметінен өз еркімен кетті
cdn.iz.ru
Алдында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің бастығы Сапаровтың 1,9 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қозғалған сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Батыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға қоластындағы қызметкері іліккен соң Шыңғырлау ауданының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің тергеушісі Данияр Биғайдаров, деп хабарлайды zakon.kz.
Үкімедерге тоқталмастан бұрын алдын-алу сипатындағы жұмыстарға да тоқталғым келеді. Өзінің қол астындағы қызметкері пара алып, сотталғаннан кейін Шыңғырлау ауданы әкімінің берген отставкасын Батыс Қазақстан облысының әкімі қабыл алды, деп хабарлады Биғайдаров.
Ол облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің бастығы Сапаровтың 1,9 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қозғалған сотқа дейінгі тергеудің аяқтағанын айтты.
Тергеушінің айтуынша, ол жеке кәсіпкерден білім ордаларының ғимараттарын күрделі жөндеу актісіне кедергісіз қол қою үшін пара алған.
Қаңтарда Сапаров кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді, - деп сөзін түйіндеді Биғайдаров.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript