Жаңалықтар тізбегі
0

Тасқын: Батыс Қазақстан облысына ТЖМ-ның қосымша күштері мен құралдары жіберілді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2022 12:25 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Күннің күрт жылынуы салдарынан еліміздің барлық өңірлерінде су тасқыны қаупі бар. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында жағдай күрделі. Елімізде қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтар жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысына еріген қар суын сорып шығару үшін Маңғыстау облысынан қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Олардың жалпы саны - 43 адам, 4 бірлік техника мен 6 су сору құралы. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Шалғын кентінде және Бөрілі ауданының Қызылтал ауылында 37 жеке тұрғын үй мен екі әлеуметтік нысанды қызыл су басты. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштері 87 адамды қауіпсіз жерге  эвакуациялады. Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысының елдімекендерінен 1 млн 156 мың текше метр қар шығарылды. Тұрғын үйлер мен аула аймақтардан 57 мың текше метр еріген қар суы сорылды.

Сондай-ақ, министрліктің хабарлауынша, Павлодар облысында Рождественка ауылындағы екі жеке тұрғын үйді қызыл су басты. Бүгінгі күні тұрғын үйлер мен аула аумақтарынан 56 500 текше метр су сорылды, елдімекендерден 795 мың текше метр қар шығарылды.

Жолды су шайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2022 12:25

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында 47 аула аумақты қызыл су басты. Елдімекендерден 345 мың текше метр қар шығарылды. Тұрғын үйлер мен аула аумақтардан 5 808 текше метр су сорылды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында сегіз автожол учаскесінде қызыл су тасып жатыр. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында бір республикалық маңызы бар автожол учаскесі  мен 15  жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскесін су шайды. Барлық учаскелерде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшілігі ұйымдастырылды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Осы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ және жергілікті атқарушы органдардан барлығы 621 адам, 289 бірлік техника жұмылдырылған.

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2022 12:25

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: