Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқынына қатысты жағдай күрделене түсуде

Жиналыс, су тасқынына қарсы іс-шаралар, ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 20:28 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ауа температурасының күрт жылынып, қардың жылдам еруіне байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсті. Бүгінгі таңда ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында орын алып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтар жұмыс істеуде. Жедел желі телефоны да іске қосылды:

  • ТЖМ - 8 717 2 70 41 14,
  • Ақтөбе облысы ТЖД - 8 713 2 54 86 57,
  • Батыс Қазақстан облысы ТЖД  - 8 711 2 55 40 88.

11 өңірде әкімдіктер мен ТЖД өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Су айдындары мен су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жедел штабтар, ТЖМ, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 20:28

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Еріген қар суымен күресу үшін Ақтөбе және Қостанай облыстарына Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен 52859, 20982 әскери бөлімдерінен 220-ға жуық жеке құрам мен 25-тен астам техникадан қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1,5 мыңға жуық адам, 500-ден астам техника, 200-ге жуық бірлік су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар, ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 20:28

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ мен әкімдіктердің жұмылдырылған күштері мен құралдары 320 мыңнан астам текше метр су сорылды, интерентті материалдар салынған 7 мыңнан астам қап төселді. Ең қауіпті учаскелерде нығайту жұмыстары жүргізілуде. 

Ақтөбе облысындағы Шұбарқұдық ауылында су басқан 5 жеке тұрғын үйден, 34 аула аумағынан суды сорып шығару жұмыстары жалғасуда.

"Жалпы облыс бойынша су басқан үйлер мен аула аумақтарынан 51 мыңнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, инертті материалдар салынған 7,9  мыңнан астам қап төселді. 543 текше метр қар шығарылды".  ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Су тасқыны, ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 20:28

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысының Қостанай, Арқалық қалаларында, Амангелді және Жангелді аудандарында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.

"Арқалық қаласында 20 аула аумағы, оның ішінде 12 жеке тұрғын үй су астында қалды. Үздіксіз жүргізілген су сору жұмыстарының нәтижесінде Арқалық қаласының тұрғын үйлерінен су толығымен шығарылды. Барлығы 6848 текше метр су сорылды. Елдімекендерді су басу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Су тасқынына қарсы іс-шаралар, ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 20:28

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ведомство су тасқынына қарсы іс-шаралар әлі жүргізіліп жатқанын нақтылайды.

Айта кетсек, бүгін, 26 наурызда Оралда әкімдік ғимаратын су басты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: