Су тасқынына байланысты қандай жолдар жабылды
"ҚазАвтоЖол"
мекемесі нақтылап өткендей, көлік қозғалысы Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай,
Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелген.
Ақмола
облысында Жезқазған – Петропавл тас жолының 553-595
шақырым аралығы: Сұрған ауылы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы учаскесі
жабылды. Бұл учаскеде көліктердің жиналып қалу фактісі тіркелмеді.
Ақтөбе
облысында Қандыағаш – Ембі – Шалқар - Ырғыз тас жолы,
3-92 шақырым аралығы, Қандыағаш – Ембі қаласы учаскесі жабылды. Бұл учаскеде де
көліктердің жиналып қалу фактісі тіркелмеді.
Атырау
облысында жабылған жолдар:
- Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау тас жолы, 4-119 шақырым аралығы, Доссор ауылы – Құлсары қаласы учаскесі. Бұл учаскеде де көліктер жиналып қалмаған.
- Мұқыр-Құлсары
тас жолы, 0-136 шақырым аралығы, Доссор ауылы – Құлсары қаласы
учаскесі. Бұл учаскеде де көліктер жиналып қалмаған.
Қостанай облысында жабылған жолдар:
- Мариновка ауылына апаратын тас жол, 0-9 шақырым аралығы.
- Денисовка Тавриченка – Аршалы – Комаровка тас жолы, 42-96 шақырым аралығы, Приреченка ауылы - Комаровка ауылы учаскесі.
- Қостанай
– Жақсы – Қарабұтақ – Қостанай тас жолы, 4-5 шақырым аралығы, Гашека
көшесі - "Көктем" бау-бақша қоғамы учаскесі. Бұл учаскелерде де
көліктер жиналып қалмаған.
Маңғыстау облысында Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау тас жолы, 210-220 шақырым аралығы, Атырау облысы - Боранқұл ауылы учаскесі жабылды.
Солтүстік Қазақстан
облысында жабылған жолдар:
- Рощинское – Корнеевка –
Волошинка тас жолы, 0-47 шақырым аралығы, Рощинское-Корнеевка ауылдары
учаскесі.
- Жезқазған - Петропавл тас жолы, 701-706 шақырым аралығы, Новоишим ауылы маңындағы учаске.
- Булаево – Возвышенка – Малогвардейское – Кирово - Қиялы – Рощинское тас жолы, 201-228 шақырым аралығы, Шағалы - Рощинское ауылдары учаскесі.
- Волошинка – Сергеевка –
Тимирязево тас жолы, 0-32 шақырым аралығы, Волошинка-Кривощеково ауылдары учаскесі.
- Жезқазған – Петропавл тас жолы, 595-701 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы - Новоишим ауылы учаскесі. Бұл учаскелерде де көліктердің жиналып қалу фактісі тіркелмеді.