Жеңіс Қасымбек Арыс қаласын аралады

Баспасөз қызметі Баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Арыс қаласындағы құрылысты аралап, барлығын өз көзімен көріп, есеп алды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен вице-премьер Атырау облысына қарасты №1 сектордағы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты. Ол аумақта 482 үй орналасқан. Зақымданған431 үйдің қазіргі таңда 3-уі толық жөнделген. Ал «BI Group» компаниясы осы сектордағы 88 үйді қалпына келтіру жұмыстарын қолға алып отыр. Жұмысшы топ кейін Нұр-Сұлтан қаласына қарасты №9 секторға аялдады. Онда 655 үй бар. Аумақта қайта қалпына келтіруге қажетті 572 баспананың 105-інде құрылыс толығымен аяқталған.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-07/thumbs/1564136755_1907261608118923f.jpg

Сонымен қатар, Үкімет басшысының орынбасары 1904 жылы іргетасы қаланған "Арыс-1" теміржол вокзалына да аялдады. Мұндағы тірлік - "Samruk-Kazyna Construction" АҚ тиесілі. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев міндеттелген шаруа толығымен уақытылы атқарылып жатқанын мәлімдеді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-07/thumbs/1564136447_67462626_2265228793593447_69530828227519.jpg

Кейін топ Шымкент қаласына қарасты 10-секторда болды. Онда есеп бойынша 652 үй тіркелген. Жөндеуді қажет ететін 604 үйдің 138-інде бүгінде жұмыс толық аяқталған. Бұдан кейін жұмысшы топ қалалық емхана мен орталық стадиондағы жөндеу жұмыстарына көңіл аударды. Іссапар аясында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай қалаларына тапсырылған секторлардағы жұмыстар назарға алынды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-07/thumbs/1564136517_1907261608118922f.jpg

Арыс қаласаның бүгінгі жай-күйімен танысқан Жеңіс Қасымбек сапар соңында шаһарды қалпына келтіру бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын қанқындату қажеттігін тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз