Бақытты едім. Шымкенттің экс-әкімі желіде тағы бірдеңе жазып кетті

Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім - экс-әкім.
Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің отставкасынан кейін қала тұрғындарына сөз арнады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қымбатты достар! Мен үшін Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істегенім үлкен мәртебе және мақтаныш. Осындай мүмкіншілік берген Елбасымызға, Президентімізге алғысымді білдіремін. Қолдан келгенше қаланың дамуына әріптестерлермен атсалыстым. Мен Шымкент халқына өте ризамын! Сіздер әрқашан мені қолдадыңыздар. Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім. Әр нәрсенің соңы болады бул өмірде. Жаңалықтар да болады. Жаңадан келген қала басшысына сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға үлкен алғыс айтып, басымды иемін! Аман болыңыздар! Шымкент жайнай берсін! ❤️ Спасибо тебе, мой Шымкент! ❤️, деп жазыпты ол өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Кеше түстен кейін Әбдірахымовтың орнына қала әкімі болып Ерлан Айтаханов тағайындалған болатын. Айтаханов бұған дейін Түркістан облысының Отырар ауданында әкім болған.
Әбдірахмановтың не себепті орнынан алынғанын ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев түсіндірді. Көп себептердің бірі ретінде Әбдірахымовтың қылықтары мен оның әлеуметтік желідегі жазбалары наразылық туғызғаны айтылады.
Бөлісу
0
Толық оқу